Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде еңбек ету мүмкіндігін беруді ұсынды

Опубликовано:

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәжілістің жалпы отырысында мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсенбаев Оңтүстік Кореяны отандастарымыздың аса қызығушылық танытатын елдердің бірі деп атады. Оның айтуынша, мұнда заңсыз жұмыс істеу үшін туристік виза алу мүмкіндігі бар.

"БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2014 жылы қазақстандықтар үшін виза жойылған кезеңнен бастап елден Оңтүстік Кореяға кеткен заңсыз еңбек мигранттарының саны 2019 жылы 359 адамнан 12 мың адамға дейін өскен. Олардың көпшілігі - 35 жасқа дейінгі белсенді, еңбекке қабілетті ер адамдар.

Біздің кейбір отандастарымыз Кореяда ауру мен жарақаттан көз жұмуда, өйткені олар тегін медициналық көмек ала алмайды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы Кореяда 10 мыңға жуық отандасымыз заңсыз жүрген", - дейді ол премьер-министрдің орынбасары мен сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге жолдаған депутаттық сауалында.

Бейсенбаевтың сөзінше, Оңтүстік Кореяға жұмысқа көбіне Түркістан және Алматы облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары барады.

"Ұлттық банктің статистикасы бойынша, 2012-2019 жылдар аралығында шетелден Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 279 млн доллардан 614 млн долларға дейін өскен. Яғни, екі еседен артық.

Сонымен қатар сол кезеңде Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аударымдары 1,7 млн доллардан 105 млн долларға дейін өскен. Яғни, алты жыл ішінде ақша аударымдары 60 есеге артқан", - дейді депутат.

Бейсенбаев жоғарыда аталған фактілер бұл үрдістің сақталатынын және әрі қарай тек дами беретінін, отандастарымыз (ең алдымен жастар) қиындықтарға қарамастан, аталмыш елдерге табыс табу үшін баруды жалғастыратынын айтты.

Осыған байланысты, ол үкіметтің бұл мәселені ерекше бақылауға алу, Оңтүстік Корея үкіметімен еңбек визасын алуды жеңілдету, азаматтарымыздың қауіпсіздігіне кепілдік беру, заңды түрде еңбек ету мүмкіндігі туралы мәселелерді пысықтау қажеттігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905569-deputat-qazaqstandyqtar-usin-ontustik-koreyaga-enbek-vizasyn-aludy-zenildetudi-usyndy/

pixel