Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында көлікке мас күйінде отырған әйел 15 тәулікке қамалды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алмат облысында орта дәрежеде мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды zakon.kz.

"Полицейлер Lada Vesta көлігінің күмән тудыратын қозғалысына назар аударған. Көлікті тоқтатқан олар рөлде мас күйде отырған әйелді анықтаған. Кейінірек сараптама көлік жүргізушісінің орташа дәрежде мас болғанын растады", - дейді Ескелді аудандық полиция бөлімінің басшысы Қайрат Баймұханов.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Әкімшілік соттың шешімімен келіншек 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылған.

Еске сала кетсек, 2 наурыз күні шамамен 18.40-та Қорам батыр ауылында көлікке мас күйінде (орташа дәрежеде) отырған ауыл тұрғыны жол шетінде тұрған төрт оқушыны қағып кеткен еді. Үшеуі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Кейін көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова зардап шеккен бір оқушының көз жұмғанын хабарлады.

Айта кетсек, бұл жайт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты да бей-жай қалдырмады. Президент көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді.

Сонымен бірге зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетілетіні хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905697-almaty-oblysynda-kolikke-mas-kuiinde-otyrgan-aiel-15-taulikke-qamaldy/

pixel