Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша педофилге химиялық кастрация жасалады

Опубликовано:

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында елімізде қанша педофилге химиялық кастрация жасалғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Республиканың түзету мекемелерінде 25 сотталған жазасын өтеп жатыр. Оларға соттың шешімі бойынша медициналық тұрғыдан химиялық кастрациялау жасалады", - деді Алексей Милюк. 

Ол жәбірленушілерінің зорлық-зомбылыққа ұшырағанын анықтау қалай жүргізілетінін жеткізді. 

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасарының сөзінше, тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін тіркеу үшін сотқа дейінгі мекеме, яғни полиция медициналық сараптама жүргізу бойынша қаулы шығарады. Оны арнайы медицина ұйымдары жасайды.

"Сараптама қорытындысымен келтірілген зақым бойынша шешім шығарылады. Медициналық сараптамадан өту полиция құзыретінен кеңейіп, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктерінің Сот сараптамасы орталықтарына қарайды, - деді Алексей Милюк.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында алғаш рет түзеу мекемесінде жатқан педофилге химиялық кастрация жазасы қолданылатынын жазған едік.

Сонымен қатар, алматылық бойжеткенді топ болып зорлау ісіне нүкте қойылды. Сот процесі алты айға созылды. Жәбірленушінің қорғаушылары сот процесінің қиын әрі қарама-қайшылыққа толы болғанын жеткізді.

Зорлықтың құрбаны болған бойжеткен тергеуде және сот барысында басынан кешкен азапты күндерін баяндап берді. Екі айыпталушы, экс- прокурор мен банкир Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі, 1-бөлігі және 121-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айырылды. Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905847-elimizde-qansa-pedofilge-ximiyalyq-kastraciya-zasalady/

pixel