Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан аборт саны бойынша 58 елдің ішінде үшінші орынға ие болды

Жарияланған күні:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

World Population Review порталы аборт деңгейі жоғары елдердің рейтингін жаңартты. Рейтингте енген 58 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынға шықты.

Статистикаға сүйенсек, аталмыш рейтингте бірінші орында Ресей тұр. БҰҰ мәліметтері бойынша Ресейде аборт жасау коэффициенті 1000 әйелге 53,7 құрайды.

Тізімде Вьетнам - 35,2 көрсеткішімен екінші орында, ал Қазақстан (35) үшінші орынға жайғасқан. Рейтинг мәліметтеріне сенсек, Мексикада аборттың ең төменгі деңгейі тіркеліп отыр - 0,1. Португалия да Мексикадан кейін түсік жасату бойынша ең аз көрсеткішке ие болып отыр - 0,2. Аборт екі елде де заңды болып саналады.

Портал өкілдері әлем бойынша түсік жасатудың санын қадағалау қиын екенін атап өтті. Себебі, көптеген елдер бұл көрсеткіштерді тіркемейді және есеп бермейді. Олардың пікірінше, бұл, әсіресе, түсік жасатуға тыйым салынатын және есеп жүргізілмейтін елдерге қатысты болып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін БҰҰ-ның "Әлемдік бақыт туралы" жыл сайынғы рейтингісі жасалған болатын. Қазақстан бұл тізімде 36-орынға жайғасты.

World Happiness Report 2021 рейтингісі мемлекеттегі өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштерді есепке ала отырып жасалған.

Бақыт деңгейін бағалауға 149 ел қатысқан. Көш басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия тұр. Бақыт деңгейі бойынша үздік елдердің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария кірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905895-qazaqstan-abort-sany-boiynsa-58-eldin-isinde-usinsi-orynga-ie-boldy/