jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан 36-орында: Әлем елдерінің бақыт деңгейі бойынша рейтингісі жарияланды

Қазақстан туы
Көрнекі фото: zakon.kz

БҰҰ-ның "Әлемдік бақыт туралы" жыл сайынғы рейтингісі жасалды. Қазақстан бұл тізімде 36-орында деп хабарлайды ҚазАқпарат.

World Happiness Report 2021 рейтингісі мемлекеттегі өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштерді есепке ала отырып жасалған.

Бақыт деңгейін бағалауға 149 ел қатысқан.

Көш басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия тұр.

Бақыт деңгейі бойынша үздік он елдің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия кірді.

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-орында, Литва 29-орында, Қырғызстан – 33-ші, Қазақстан 36-шы, Латвия – 34-ші, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-орында.

Рейтингіні Зимбабве және Танзания елдері түйіндеді.

World Happiness Report 2021 рейтингісінің биылғы ерекшелігі – оның коронавирус пандемиясының адам өміріне әсер етуін, сонымен қатар түрлі елдер үкіметтерінің оны қалай елегенін бағалауында.

Әлем елдерінің бақыт рейтингісі 2012 жылдан бері жасалып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ең бай адамдардың саны көбейіп жатқан елдердің рейтингінде 7 орыннан көрінген еді.

Knight Frank жариялаған рейтингке сәйкес, көш басында Индонезия, екінші орында Үндістан, үшінші орында Польша тұр.

Қазақстан 36-орында: Әлем елдерінің бақыт деңгейі бойынша рейтингісі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.