Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңызды хабарлама: 4 сәуірде елордада автобустар жүрмейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Жексенбі, яғни 4 сәуірде Нұр-Сұлтанда қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.

"Жексенбі күні, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі", - делінген хабарламада. ⠀

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен айналысатын компания өкілдері автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын ескертті. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2077 адам тіркелген. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 248 931-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

Сонымен қатар отырыс барысында президент министр Алексей Цойға ескерту жасады.

"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз", - деді мемлекет басшысы. "Сіз сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпеген жағдайда, кадрлық өзгерістер көңіліңізді әбден түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, барлық үкіметке қатысты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905902-manyzdy-xabarlama-4-sauirde-elordada-avtobustar-zurmeidi/

pixel