Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"СОБР" қызметкерлерінің Оралда қарулы күдіктіні ұстау сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Ұстау сәті
Фото: ШҚО ПД

Оралда қылмысқа күдіктіні ұстау сәті видеоға түсіп қалды. Куәгерлер қарулы полиция қызметкерлерінің арнайы операция өткізген сәтін видеоға түсіріп алған. Жағдайға Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желідегі кадрлардан полиция қызметкерлерінің екі адамды көліктен шығарып, жерге жатқызғанын көруге болады. Оқиға орнында көлікте отырған әйел бар.

Полицияда ұстау операциясы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етудің арнайы отрядының қолдауымен жүзеге асырғанын атап өтті.

"1 сәуір күні түстен кейін жедел-іздестіру шаралары кезінде Исатай-Махамбет көшесінде ресейлік нөмірлері бар Chrysler 300 автокөлігі ұсталды. Көлікте осы жылдың ақпан айында бұзақылық әрекеттер жасады деп күдікке ілінген азамат болған. Бұл бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тапанша мен үш пышаққа ұқсас зат тіркіленді", – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Қауіпсіздік қызметкерлері бұл қылмысқа тағы бір адамның қатысы жоқ екенін және босатылғанын баса айтты.

Еске салсақ, 22 наурызда елдің бірнеше өңірінде полицейлер Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласына есірткі тасымалдауды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстаған болатын.

Іс-шаралар кешенін өткізу барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Денисов ауданының 51 жастағы тұрғынын анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905962-sobr-qyzmetkerlerinin-oralda-qaruly-kudiktini-ustau-sati-videoga-tusip-qaldy/

pixel