Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстанның құрметті азаматы" байқауының жеңімпаздарына пәтер сыйға тартылды

Опубликовано:

BI Group
Фото: BI Group

BI Group инновациялық құрылыс холдингі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Холдингтің 25 жылдығына орай "Қазақстанның құрметті азаматы" атты ауқымды ұлттық байқау өткізді. Жобаның мақсаты – қоғамдағы қаһармандарды анықтап, оларды лайықты түрде марапаттау.

Жоба жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Алматыда өтті. Оған байқаудың жеңімпаздары мен финалистері қатысты.

"Asar Ume" ҚҚ негізін қалаушы Асхат Нұрмашев Нұр-Сұлтандағы Sezim Qala тұрғын үй кварталынан пәтерге ие болды. Екінші жеңімпаз жазушы-мотиватор Торғын Әбдіқайымова Gulder-4 тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды.

BI Group
Фото: BI Group

Асхат Нұрмашев қайырымдылықпен айналысады, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Оның жобасының арқасында 85-тен астам отбасы мен 530 бала өз шаңырақтарына ие болдаы. Торғын Әбдіқайымоваға "бұлшықет дистрофиясы" диагнозы қойылған. Бұл – қозғалуды біртіндеп тежейтін науқас т.рі, алайда Торғын құлан таза айығып кетуден үмітін үзбейді. Ол – "Кеш қалма!" және "Араша" кітаптарының авторы, инклюзивті радиода авторлық бағдарлама жүргізеді, қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетеді.

BI Group
Фото: BI Group

"Біздің холдинг "Қазақстанның құрметті азаматы" байқауын екінші рет өткізіп отыр. Әр финалистің өміріндегі оқиғасы таңғалдырма қоймайды, олар құрмет көрсетуге әбден лайық. Біз кейіпкерлеріміздің өміры мен әрекеттері көптеген қазақстандықты шабыттандырғанына, жігерлендіргеніне сенімдіміз. Компания тұрақты түрде қайырымдылық және әлеуметтік жұмыспен айналысатын азаматтарға маңызды мәселелерді шешуге қолдау көрсетеді.

BI Group қызметінің негізінде бизнес-қоғамдастықтың экономикада ғана емес, қоғам өмірінде де жетекші рөлінің негізі жатыр. Бұл әлемді жақсартуға ресурстарды біріктіруге, жауапкершілік алуға, тәжірибе алмасуға дайын болу көмектеседі. Барлық бизнес-қоғамдастықты жеке меценаттарға, мотиваторларға және басқаларға риясыз көмектесетіндерге қолдау көрсетуге шақырамын. Біз өз тарапымыздан игі дәстүрді әрі қарай да жалғастыра береміз және жобаны тұрақты түрде жүргізетін боламыз", - деп BI Development Almaty компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.
Вручение ключей от квартир
Фото: пресс-служба BI Group

"Қазақстанның құрметті азаматы" байқауының 8 финалисі де марапатсыз қалған жоқ. Барлығы екі адамға арналған Hampton by Hilton қонақүйінде тұрып, көне тарихи мұраларға толы Түркістан қаласына саяхат жасауға сертификат алды! Оларға Visit Turkestan туристік агенттігінен қалаға экскурсия жасау және көлікпен алып жүру қызметтері ұсынылады.

Байқауға қатысқан барлық финалист: Тамара Рише, Амантай Байжанов, Жайлыбай Келис, Дамель Мектепбаева, Надир Омаргазиев, Рашит Белгибаев, Тураркуль Назарбаева, Марат Эдельхановтарға алғысымызды білдіреміз.

BI Group
Фото: BI Group

Сонымен қатар марапаттау рәсімінде финалистер де сөз сөйледі.

"Армандар орындалады екен! Соған себепші болған BI Group компаниясына алғысымыз шексіз. Конкурс басталғаннан бізді лайықты деп санап, дауыс беріп, қолдаған барша жұртшылыққа да айтар рахметім көп! Осындай халыққа еңбегі сіңген, маңызды іс істеген адамдармен бір қатарда болу мен үшін үлкен мәртебе. BI Group-тың әрбір үйі қуанышқа толы болсын! "Халқым сыйлаған" деп мақтанып, осы пәтерде өмір сүремін", - деп лебізімен бөлісті жеңімпаз Торғын Абдыкаимова.

Байқауға 2500-ден астам өтінім келіп түсті, дауыс беруге 60 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Ұйымдастырушылар байқаудың барлық қатысушысы мен серіктестеріне алғыс білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906132-qazaqstannyn-qurmetti-azamaty-baiqauynyn-zenimpazdaryna-pater-syiga-tartyldy/

pixel