Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде пәтер бағасы тағы өсті: Баспана құнына кім тосқауыл болады

Опубликовано:

Тұрғын үй
Көрнекі фото: aikyn.kz

Елде пәтер бағасы тағы да өсті. Қолданыстағы баспана құны 6 пайызға қымбаттапты. Алайда кей өңірлерде көрсеткіш 30 пайызға дейін жеткен. Әсіресе Ақтауда жылжымайтын мүлік бағасы рекордтық деңгейді көрсеткен. Бұл қалада өсу динамикасы 27,7 пайызды құрайды. Үштікті Орал, Атырау қалалары қорытындылап отыр. Сарапшылар баға бағынбай бара жатқанда, мемлекет оны тұрақтандыруы қажет деп санайды деп хабарлайды Astana TV арнасы.

"Мемлекет егер де, мынау жерді алу кезінде немесе басқа да инфрақұрылымдарды құрылыс компания сатып алу кезінде оған бір, субсидия беретін болса, 30 пайызға дейін субсидияның жолдарын қарастыратын болса, ол үйдің бағасының өзіндік қымбаттамауына да әсерін тигізеді.

Яғни мемлекет тарапынан шарттар қоя аламыз. Үйдің бағасын қымбаттатпау деген сияқты",- дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Тұрғын үй бағаларының тұрақсыздығы барлық өңірлерде байқалады. Мәселен, республикалық маңызы бар қалалар арасында Алматы қаласы көш басында. Қаңтар айымен салыстырғанда, баға мұнда 4 пайызға қымбаттаған.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында лауазымды тұлға мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Петропавл әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығының лауазымды тұлғасын ұстады. Шенеунік коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана ұсынғаны үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді", - деді агенттіктегілер.

Жалдамалы баспана 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін пәтерге мұқтаж жандарға берілуге тиіс болған. Ол үшін мемлекет тарапынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы қарастырылған. Бұл бағдарлама өз пәтерлерін сатып алғанға дейін бес жыл мерзімде жұмыспен қамтылған жас отбасыларды уақытша тегін баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906150-elde-pater-bagasy-tagy-osti-baspana-qunyna-kim-tosqauyl-bolady/

pixel