Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Алматы ӨКҚ

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов өмірден өтті. Бұл ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады деп хабарлайды Азаттық рухы.

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген.

Ол 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түскен. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшыраған.

1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғастырып, 1965 жылы тәмәмдаған.

Қаламгер "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965–1967), "Жазушы" баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарған.

Қабдеш Жұмаділов"Соңғы көш", "Бақыт жолында", "Атамекен", "Тағдыр", "Дарабоз" сынды романдар мен бірнеше әңгімелер жинағының авторы.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Қабдеш Жұмаділовтің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Еске сала кетсек, 31 наурызда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өткен болатын.

Президент пен Елбасы Шот-Аман Уәлихановтың жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906269-qazaqstannyn-xalyq-zazusysy-qabdes-zumadilov-omirden-otti/

pixel