Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында оқушыларды қағып кеткен көлік жүргізушісінің ісі қатаңдатылды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Корам ауылында төрт оқушы қызды қағып кеткен "УАЗ" автокөлігінің жүргізушісінің әрекеті аса ауыр қылмыстық бапқа өзгертілді. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

Ведомство ағымдағы жылдың 2 наурызында Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының 54 жастағы тұрғыны УАЗ көлігімен төрт оқушы қызды қағып кеткенін еске салды. Екі 8 жастағы және екі 9 жастағы қыздар жол жиегінде тұрған.

Ер адамның алкогольдік мас күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды. Апат болған жерден үш бала ауруханаға жеткізілді.

Апат фактісі бойынша қылмыстық кодексінің 345-1 бабы, 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында қыздардың бірінің қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабы, 3 бөлімі бойынша қайта даярлау жүргізілді.

Енді екінші жәбірленуші қайтыс болғаннан кейін күдіктінің іс-әрекеті қылмыстық кодексінің аса ауыр 345-1-бабы, 4-бөлігі бойынша (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге алып келген бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша қайта квалификацияланды.

Бұл үшін күдіктіге 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза тағайындалады.

"Жүргізуші тергеу изоляторында қамауда отыр", – деп қосты ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906324-almaty-oblysynda-oqusylardy-qagyp-ketken-kolik-zurgizusisinin-isi-qatandatyldy/

pixel