Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бірнеше журналист полиция департаментінің алдына жиналды (фото)

Опубликовано:

БАҚ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Шымкент қаласы полиция департаментінің алдына бірнеше журналист жиналып, құқық қорғаушылардан БАҚ қызметкерлерінің құқығын сақтауды талап еткен. Жиналғандарға полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісінің сөзінше, тәртіп сақшылары түсірілімдердің бірінде жұмысына кедергі келтірген.

"Біз даулы тақырыптардың бірінің түсірілімін жүргізген кезде полиция қызметкерлерінің біздің құқығымызға қысым көрсететіне куә болдық. "Отырар" телеарнасының операторын арнайы жасақ сарбазы бүйрегінен ұрды. Сосын оның журналист екенін білмегенін айтып, кешірім сұрады. Сонда басқаларды ұра беруге бола ма? "Азаттықтың" тілшісіне де жұмыс істеуге кедергі келтірді. Телефонын тартып алуға тырысты. Біз журналистердің құқығын қорғауға назар аударуды талап етеміз", - дейді Бахрамбек Тәлібжанов.

БАҚ
Оқиға орны. Фото: NUR.KZ

Бұл талап Шымкенттің бас полицейі Ералы Жұмаханбетовтың назарынан тыс қалмады. Генерал БАҚ өкілдерінің алдына шығып, мәселені талқылау үшін залға жиналуға шақырған.

"Біз заң бойынша жұмыс істейміз, барлық шағымдар қабылданды. Ішкі қауіпсіздік басқармасы тергеу жүргізуде. Шешім қабылданған соң сіздерге бәрін айтамыз. Егер құқық бұзушылық болса, өз қызметкерлерім үшін кешірім сұраймын. Біз бәрін анықтаймыз. Біздің мақсатымыз - бірлесіп жұмыс істеу. Бірақ әдеттен тыс жағдайлар да болады. Әрбір өтінішті қарайтын боламыз", - дейді Шымкенттің бас полицейі.

Кездесу өткеннен кейін жиналғандар тарап кеткен.

Еске сала кетсек, "Астана" телеарнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі Бахрамбек Тәлібжанов автобөлшектер қоймасында ірі өрт болған күні, оқиға орнында репортаж жасағанын, сол уақытта өзіне тәртіп сақшыларының шабуыл жасап, ұрғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906405-symkentte-birnese-zurnalist-policiya-departamentinin-aldyna-zinaldy-foto/

pixel