Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман иіс шығады": Ақтаулықтар аядай пәтерін тауық қораға айналдырған көршісіне ашулы

Опубликовано:

Күркетауық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтау тұрғыны екі бөлмелі пәтерін тауық қораға айналдырған. Аядай бөлмеде құс өсіретін азамат көршілердің шағымына құлақ аспауда. Тұрғындар үйінде тұншығып отырғандарын айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жаман иіс шығады. Біз олай тұра алмаймыз. Оның бәрі улы ғой. Қаншама рет айттық, телефон соқтық, жауап бермейді", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Мария Ким.

Тұрғындар пәтерінде күркетауық бағып отырған көршісіне көпқабатты тұрғын үйде құс ұстауға болмайтынын айтып бірнеше рет ескерту жасаған. Құзырлы орындарға да шағымданыпты.

Алайда екі бөлмелі пәтерінде құс өсіретін 62 жастағы кейуана көршілерінің сөзіне құлақ аспайтын көрінеді. Жағымсыз иістен бөлек, пәтерлерде тышқан мен тарақан қаптап кеткен.

Тұрғындардың пікірінше, зиянкестер тауық қорадан шығып жатыр. Шыдамы таусылған тұрғындар ақыры полиция шақырған. Бірақ тауық өсіруші тұрғын тәртіп сақшыларына да есік ашпай қойған.

"№68 пәтер тұрғындарының айтуына қарағанда, ол үйде тауық асырап отыр. Үйдің ішінен жағымсыз иіс шығатыны ауызша шағымда көрсетілген. Учаскелік инспектор шағымын қабылдап, хабарлама арқылы Ақтау қаласының әкімдігіне және "СЭС-ке" жолдады", - дейді Ақтау қаласы полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Еркін Елеусізов.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда кәсіпкерлер облыстың бас санитар дәрігерін сотқа бергенін жазған едік. Олар соттан шектеу шараларын күшейту туралы бұйрықты заңсыз деп тануды сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906433-zaman-iis-sygady-aqtaulyqtar-ayadai-paterin-tauyq-qoraga-ainaldyrgan-korsisine-asuly/

pixel