Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қалалық ДСБ коронавирустың жаңа штамы жайлы тың деректер ұсынды

Опубликовано:

Тәжвирус маска
Көрнекі фото: azh.kz

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали онлайн-брифингте коронавирустың жаңа штамының симптомдары жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа штамдағы ауру тез тарайды, егер жеңіл дәрежеде болса, 2-3 күннен кейін ауыр деңгейге көшеді. Біздің тәжірибеде ауру жайлап өзгеретінін көріп отырмыз",- деді Мырзағали.

Айтуынша, коронавирустың жаңа симптомдары пайда болмаған, ал жаңа штамның айырмашылығы - тез жеңілу. Балалар коронавирус жұқтырғанда дене қызуы көтеріліп, жылауық бола бастайды.

"Кішкентай бала не болып жатқанын, дәм немесе иіс сезбей қалғанын айта алмайды. Дене қызуы 2-3 күн бойы көтеріледі. Іші өтеді. Басқа симптомдар байқамадық. Әзірге диагностика осы көрсеткіштер бойынша жүріп жатыр",- деді ол.

Лаура Мырзағали мұндай көрсеткіштер пайда болған жағдайда жедел жәрдем немесе учаскелік дәрігер шақыру керек екенін айтады.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдарының қаупі туралы айтқан еді.

Цойдың сөзінше, әлемнің 130 елінде анықталған "британиялық" штамм мен 80 елде анықталған "Оңтүстік-африкалық" штамм Қазақстанда да тіркелген.

"Жаңа мутацияларды анықтау мақсатында біз республика аумағында айналымда жүрген коронавирус штамдарын генетикалық зерделеуді тұрақты негізде жүргізіп жатырмыз. Мәселен, наурызда республика аумағында "британиялық" және "оңтүстік-африкалық" штамдардың айналымы анықталды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906545-almaty-qalalyq-dsb-koronavirustyn-zana-stamy-zaily-tyn-derekter-usyndy/

pixel