Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда банк қызметкері 29 млн теңгені қолды етіп, хат қалдырып кеткен

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Жезқазғанда банктердің бірінің кассирі 29 млн теңгені жымқырып, жұмыс орнына хат қалдырып кеткен деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні Жезқазған қаласы полиция басқармасына банктердің бірінің 25 жастағы кассирі 29 млн теңгені иемденіп алғаны туралы хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары ірі мөлшердегі ақшаның жас жігіт жұмыс істеген қаржы ұйымына тиесілі екенін анықтапты.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қызметкердің жұмыс орнына хат қалдырып кеткені анықталған. Дегенмен құқық қорғаушылар онда не жазылғанын айтпай отыр.

Күдікті бір жарым айдан кейін ғана қолға түскен. Ер адам істеген ісін мойындап, ақшаны жеке қажеттілігі үшін жұмсап қойғанын айтқан.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189 бабы, 2 бөлімімен (Өзгенің сенім тапсырылған мүлкін иемдену немесе жұмсау) қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда әріптесінің атынан 4 мәрте онлайн-несие рәсімдеген балабақша тәрбиешісі ұсталған еді.

Ал ақшаны алу үшін ол өзінің картасы бұғатталып қалғанын айтып, жәбірленушіден аударым жасау үшін карта нөмірін көрсетуін өтінген.

Ештеңеден сезіктенбеген әріптесі несие арқылы түскен ақшаны картасынан шешіп алып, оны күдіктіге берген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906582-zezqazganda-bank-qyzmetkeri-29-mln-tengeni-qoldy-etip-xat-qaldyryp-ketken/

pixel