Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айында Меккеге бару шарттары хабарланды

Опубликовано:

Қажылық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Сауд Арабиясы Рамазан айында кіші қажылыққа барғысы келетіндер үшін үш шарттың бірін орындауды міндеттеді. Мұндай шешім COVID-19 инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай Сауд Арабиясына Рамазан айында кіші қажылық жасағысы келетіндер үшін бірқатар шектеуді алып тастауға мүмкіндік бермеуде деп хабарлайды РИА Новости.

Биыл Сауд Арабиясындағы діни жерлерге тек үш міндетті шарттың бірін орындағандар ғана бара алады: коронавирусқа қарсы екі рет вакцина салдыру, умраға барардан 14 күн бұрын вакцинаның алғашқы дозасын салдыру немесе сапарға дейін ауырып жазылғандар.

"Рамазан айында Мекке мен Мәдинадағы екі қасиетті мешітке умра жасауға және баруға коронавирусқа қарсы вацинаның екі дозасын алған адамдар, қажылықтан екі апта бұрын вакцина салынған адамдар немесе аурудан жазылған адамдар бара алады", - деді Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігіне қажылық және умра министрлігінің өкілі.

Биыл үлкен қажылық шілденің екінші жартысында өтеді. Өткен жылы коронавирус пандемиясына байланысты қажылыққа тек патшалықта тұратындар қатысты, он мың адам ғана қажылыққа шақырылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республика аймақтарына арналған Рамазан айындағы ораза мен намаз кестесін жариялаған еді. Қасиетті Рамазан айы 13 сәуір күні басталып, 12 мамырда аяқталмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906623-ramazan-aiynda-mekkege-baru-sarttary-xabarlandy/

pixel