Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2080 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 258 917-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 372,

Алматы қаласы - 620,

Шымкент қаласы - 72,

Ақмола облысы - 73,

Ақтөбе облысы - 121,

Алматы облысы - 280,

Атырау облысы - 102,

Шығыс Қазақстан облысы - 39,

Жамбыл облысы - 31,

Батыс Қазақстан облысы - 98,

Қарағанды облысы - 144,

Қостанай облысы - 34,

Қызылорда облысы - 25,

Маңғыстау облысы - 11,

Павлодар облысы - 25,

Солтүстік Қазақстан облысы - 20,

Түркістан облысы - 13.

Естеріңізге сала кетейік, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінгі таңда елеміздің жеті өңірі "қызыл" аймақта.

Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстары.

Одан бөлек, Алексей Цой Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 28 күн бойы "қызыл" аймақта екендігіне баса назар аударды.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы - 20 күн, Атырау облысы - 2 апта, Ақтөбе және Алматы облыстары - бір апта, Ақмола облысы - бір күн бойы "қызыл" аймақта екенін атап өтті.

Ал "сары" аймақта еліміздің екі өңірі- Шымкент қаласы және Қарағанды ​​облысы тұр.

Қалған 8 өңір "жасыл" аймақта.

Сонымен қатар, бұған дейін Алексей Цой Қазақстанда коронавирус дертінің өршу себебін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906644-qazaqstanda-otken-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-kurt-osti/

pixel