Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой Қазақстанда коронавирус дертінің өршу себебін түсіндірді

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой министрлер кабинетінің онлайн-отырысында елде коронавирус дертін жұқтыру жағдайының көбею себебін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алексей Цой елде коронавирус дертін жұқтыру жағдайы ақпанмен салыстырғанда наурыз айында 30 пайызға артқанын - тәулігіне 1800 жағдай тіркелгенін мәлімдеді.

Сәуірдің бес күнінде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 9 983-ке дейін жеткен, күніне 2 мыңға жуық науқас тіркелуде.

"Ауру өсімі әлдеқайда тез жұғатын "британиялық" және "Оңтүстік-африкалық" штамдардың таралуымен байланыстырылуда. Осыған байланысты облыс әкімдеріне жедел медициналық көмек көрсететін мобильді бригадалар мен инфекциялық төсек орындарымен қаматмасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет", - дейді министр.

Цой бүгінде еліміз дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қажетті көлемде толық қамтамасыз етілгенін, коронавирусты емдеуге арналған ауруханаларда бір айлық, "СҚ-Фармация" қоймаларында және дәріханаларда екі айлық қор барын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария еткен еді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте тағы 1809 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.

Олардың дені Нұр- Сұлтан, Алматы қаласынан және Ақтөбе мен Алматы облысынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906466-coi-qazaqstanda-koronavirus-dertinin-orsu-sebepterin-tusindirdi/

pixel