jitsu gif branding logo appbranding logo app

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырды

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырдыдеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында отандық басылым өкілдері министрге: "Денсаулық сақтау министрлігінің өзін-өзі емдеуге қатысты ұстанымы қандай? Қазір WhatsApp чаттарында Ляньхуа Цинвэнь капсуласы сынды қытай дәрісіне қатысты ақпарат тарап жүр. Аталған дәрінің ресми сатылатындығына да күмән бар. Аталған капсула мен өзге де қытай дәрілері дәрі-дәрмек тізіліміне және емдеу хаттамасына кіре ме?", деп сұрады.

"Біз азаматтарға өзін-өзі емдеумен мүлдем айналыспауға кеңес береміз. Себебі, аурулардың барлығы бірдей бірден байқала бермейді. Кейбір аурулардың, оның ішінде коронавирус инфекциясының да қатпарлануы жиі байқалады. Дәрілік затты тағайындау туралы шешімді медицина қызметкері ғана қабылдауы тиіс екендігін түсіну өте маңызды", - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Ляньхуа Цинвэнь капсуласы биологиялық белсенді қоспа екендігін, оның елімізде тіркелуіне қатысты мәлімет алу үшін тиісті ведомствоға хабарласу керектігін ескертті.

"Егер препарат елімізде тіркелмесе, онда республика аумағында таратуға рұқсат жоқ. Мұндай жаңа заттар көбіне биологиялық белсенді қоспа ретінде тіркеледі және емдеудің клиникалық стандартына кірмейді", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова 18 жасқа толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцина неге салынбайтынын түсіндірді.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустан өз бетінше емделмеуге шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.