Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жасқа толмағандарға неге коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды

Опубликовано:

вакцина 11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова 18 жасқа толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцина неге салынбайтынын түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды. Оларға вакцина қарсы көрсетілім болғандықтан салынбай отырған жоқ. Себебі халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеулер жеткілікті деңгейде жүргізілмеген", - дейді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ол алдағы уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаның балаларға әсеріне қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілетіндігіне үміт артатындығын айтты.

"Келешекте зерттеулер шығып, балалар үшін де вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі айтылуы мүмкін. Міне, сол кезде оларға да вакцина салу мүмкіндігін қарастырамыз. Ал қазіргі уақытта 18 жастан асқан адамдар ғана вакцинациялау тобына жатады", - дейді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алекей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті "Спутник V"вакцинасын салдырғанын түсіндірген еді.

"Спутник V" - бұл да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда жасалған. Иә, негізі Ресейдікі, бірақ ол Қазақстанда өндірілген. Барлық жерде, қорабында да, зауыттың өзінде де бұл вакцинаның Қазақстанда өндірілгені жазылады", - дейді Алексей Цой.

Еске сала кетсек, Берік Уәли президенттің коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906833-18-zasqa-tolmagandarga-nege-vakcinaciya-salynbaidy-aizan-esmagambetova-tusindirdi/

pixel