Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денесін қойшы тауып алған": Бір топ ер адам алып қашқан бойжеткеннің денесі табылды

Опубликовано:

Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қырғызстанда әлдекімдер алып қашқан 27 жастағы қыздың денесі табылды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, бойжеткенді Бішкек қаласынан 5 сәуір күні ұрлап кеткен. Оны үш ер адамның күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткені видеоға түсіп қалған.

Бұл дерек Қырғызстанның қылмыстық кодексінің "Неке қию мақсатында адамды ұрлау" бабы бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ал жетінші сәуір күні көрші елдің астанасы маңында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапқан. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, азамат бойжеткенді буындырып өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Кейіннен іске қатысы бар күдіктінің бірі қолға түсті.

Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының басшысы Бақыт Матмұсаев қаза тапқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованың туыстарынан кешірім сұрады.

"Әке ретінде, ішкі істер министрлігінің қызметкері және Қырғызстан азаматы ретінде Айзада туралы хабарды өте өкінішпен қабылдадым. Қалалық милициия атынан бойжеткеннің туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Оны қорғай алмадық. Барлығы қыз өсіріп отыр, бәрінің қарындасы мен әпкесі бар. Адам ұрлау – ауыр қылмыс", – деді Бақыт Матмұсаев.

Оның айтуынша, тәртіп сақшылары бесінші сәуірден бастап бойжеткен мен оны ұрлап кеткендерді күндіз-түні іздеген. Ол сондай-ақ қылмыскерлердің тиісті жаза алатынына сөз берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906985-denesin-qoisy-tauyp-algan-bir-top-er-adam-alyp-qasqan-boizetkennin-denesi-tabyldy/

pixel