jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Мототехникасымен жалғыз өзі мал бағатын қарағандылық әжей туралы не білеміз

ФОто
Видеодан кадр: Хабар 24

Қарағанды облысында техниканың біршамасын тізгіндеген ақ жаулықты кейуана тұрады. Ауылдастары арасында "мобильді әже" атанып кеткен 63 жастағы тұрғын малды мототехникамен қайырып, заман талабына бейімделген деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна мәліметінше, 63 жастағы Гүлнәр әжейдің бұл үшінші мототехникасы. Бұрынғылары сәл ескіріп, ақаулары көбейген. Ал бұл жолғысының техникалық талаптары әлдеқайда жоғары дейді ол. Нәтижесінде алысқа да оңай барып келе алатынын жасырмады.

"Үлкен ұлым алып келіп беріп, жүргізесің бе деп сұрады. Иә жүргізейін, онда тұрған не бар деп мініп алдым. Алдында басқасы болған. Мынау соңғысы басқаларға қарағанда жылдам жүреді. Өзіме ыңғайлы", - Жеңіс ауылының тұрғыны Гүлнәр Қылышева.

Қазіргі уақытта Арқада қыстың ызғары әле де кете қойған жоқ. Қар еріп, жер қарайғанда әжей атқа қонады. Жасы 70-ке жуықтаған кейуана күнұзақ ат үстінде жүріп, малды бір өзі бағады.

"Кезінде өз көзіммен көргенім, жерден қойды аттан түспей, көтеріп, өңгеріп әкететін еді. Әкем асығып жұмысқа кеткен кезде малды бауыздап береді, әрі қарай өзі жіліктеп, сойып алатын", - деді әжейдің ұлы Жақсылық Мақажанов. Айта кетейік, Гүлнәр Қылышева – күміс алқа иегері. Ол алты баласынан 19 немере, 1 шөбере сүйіп отыр. Балалары жақында жеңіл көлік алып бермекші екен. Алдағы уақытта мобильді әже темір тұлпарды да тізгіндеп көрмек.

Мототехникасымен жалғыз өзі мал бағатын қарағандылық әжей туралы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.