Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бішкектегі арудың жұмбақ өлімі: Күдіктінің көз жұмғанға дейін дауыстық хабарлама жібергені белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Фото: АКИpress

Бішкек тұрғыны Айзада Қанатбекованың өліміне күдікті Замирбек Теңізбаев қайтыс болар алдында туыстарына дауыстық хабарлама жолдаған деп хабарлайды АКИpress.

Аудио хабарлама әлеуметтік желілерде кеңінен тара жатыр.

Басылым мәліметінше, аудио қызды ұрлағаннан кейін 5 сәуірде жасалды деп болжанып отыр. Дыбыстық хабарламада ол бойжеткенмен бірге отырғанын жеткізген. Күдіктінің сөзінше, ер адам жанындағы аруға үйленгісі келген, бірақ ару бірнеше рет күтуін өтінген. Сонымен қатар, қазір қасында отырса да алдап отырғанын атап өткен. Аудио хабарламада Айзаданың да дауысы естіледі. Одан бөлек Замирбек сүйіктісінің арасындағы қарым-қатынас соңғы күндері қиын болғанын мойындайды. Ол барлығынан бірнеше рет кешірім сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласынан 5 сәуір күні бойжеткенді ұрлап кеткен. Оны үш ер адамның күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткені видеоға түсіп қалған.

Бұл дерек Қырғызстанның қылмыстық кодексінің "Неке қию мақсатында адамды ұрлау" бабы бойынша бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ал жетінші сәуір күні көрші елдің астанасы маңында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның денесін көліктен тапқан.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, азамат бойжеткенді буындырып өлтіріп, содан кейін өзіне қол салған. Кейіннен іске қатысы бар күдіктінің бірі қолға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907094-biskektegi-arudyn-zumbaq-olimi-kudiktinin-koz-zumganga-deiin-dauystyq-xabarlama-zibergeni-belgili-boldy/

pixel