Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда екі мәрте басы дауға қалған шенеунік жұмыстан шығарылуы мүмкін

Опубликовано:

Мирас Жұмағұлов
Мирас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/uzynqulaq_kz

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысына қатысты әдеп кеңесінің отырысы өтті. Ол караокеге барамын деп басы дауға қалған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыс кезінде өңірлік мәдениет басқармасы басшысының қылығы қоғамдық резонанс тудырып, мемлекеттік қызметкерлердің беделін түсіргені атап өтілген.

Жиын барасында шенеунік кінәсін мойындап, оқиғаның расымен болғанын айтқан. Сондай-ақ ол осы әрекеті үшін әкімшілік айыппұл төлегенін хабарлапты.

Қысқа талқылаудан кейін кеңес мүшелері бірауыздан Мирас Жұмағұловты мемлекеттік қызметшілердің беделін түсіргені және орынсыз мінез-құлқы үшін қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Ал соңғы шешімді оның басшылығы қабылдайтын болады.

Еске сала кетсек, мәдениет басқармасының басшысы Мирас Жұмағұлов бұған дейін Өскемендегі "Serebro" мейрамханасында жағымсыз жайтқа тап болғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейінірек, әлеуметтік желіде шенеуніктің тағы да теріс қылығымен көзге түскені белгілі болды. Барлығы қаладағы караоке-клубтардың бірінде басталған.

Шенеунік көңіл көтеру орнында Анастасия есімді қызбен танысып, оның соңы үйге бірге қайтумен аяқталған. Бойжеткен үйге жеткен кезде кіруден бас тартыпты. Алайда мемқызметкер оған қолқа сала бастаған.

Осы кезде қырағы көршілер полицияны шақырған. Тәртіп сақшылары жоғарыда аталған екі адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907124-sygys-qazaqstanda-eki-marte-basy-dauga-qalgan-seneunik-zumystan-sygaryluy-mumkin/

pixel