Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нысандардың қызметі тоқтайды: Еліміздің тағы бір облысында карантин күшейтілмек

Опубликовано:

Фото
Фото: Wikipedia

2021 жылы 9 сәуірде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Алматы облысының аумағында карантиндік режим және кейбір шектеу шараларын күшейту туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы облысында карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу қажет", - делінген құжатта

Жаңа қаулыға сәйкес, мына нысандардың қызметі тоқтайды: 

  • банкет залдары;
  • театр, кинотеатр;
  • облысаралық/қалааралық/ауданаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар қозғалысы;
  • қалааралық/ауданаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы);
  • спорт шаралары, оның ішінде аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі чемпионаттарды, жарыстарды өткізуге тыйым салынады;
  • білім беру орталықтарынан басқа, спорттық, би, гимнастика және осыған ұқсас секциялар мен үйірмелер;
  • мәдениет нысандары (мұражайлар, мәдениет үйлері, концерт залдары және т. б.);
  • құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сататын нысандардан басқа, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған);
  • туризм субъектілерінде (нысан) сиымдылығы 80 пайыздан аспайтын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға (жеке бару немесе бір отбасы мүшелері үшін, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бетперде тағу ұсынылады);

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Қаулы 12 сәуір күні таңғы сағат 7-ден бастап күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2440 адам тіркелген. Оның 254-і Алматы облысынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 263 943-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907129-nysandardyn-qyzmeti-toqtaidy-elimizdin-tagy-bir-oblysynda-karantin-kuseitilmek/

pixel