Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

104 жастағы әжей коронавирустан екінші рет жазылып шықты

Опубликовано:

Әжей
Фото: centralasia.media

Колумбияның Тунха қаласының тұрғыны, 104 жастағы Кармен Эрнандес екінші рет коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазды деп хабарлайды centralasian.media.

Алғашында әжей коронавирустан 2020 жылдың шілде айында жазылып шыққан. Ол уақытта зейнеткер 25 жылдан бері бірге өмір сүретін Сан-Хосе-де-Тунха қарттар үйінің басқа тұрғындарымен бірге оқшауланған екен.

Ал биыл 27 ақпанда әжей коронавирусқа қарсы вакцина салдырған, дегенмен 8 наурыз күні ПТР тест оң нәтиже көрсеткен. Дәрігерлер мұндай аз уақытта иммунитет қалыптастып үлгермеді деген пікірде.

Осылайша, Кармен Эрнандес 19 наурыз күні ауруханаға жатқызылған. Оған өкпені жасанды желдету аппараты керек болмаған. Себебі әжей өздігінше дем ала алған. 5 сәуір күні ол ауруханадан шыққан.

Жазылған соң зейнеткер қарттар үйіне қайта оралған. Кармен Эрнандес Колумбияда коронавирустан емделіп шыққан ең қарт адам саналады.

Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте ауыр халде ауруханаға түскен 86 жастағы қария коронавирустан жазылып шыққанын жазған едік. Қарт кісі 21 ақпан күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына түскен.

Дәрігерлер компьютерлік томографияның көмегімен оның өкпесінің 80 пайызы зақымданғанын анықтаған. Медицина мамандары науқасты тез арада жансақтау бөліміне жатқызып, жасанды тыныс алу аппаратына қосқан.

Вирусқа қарсы жүргізілген терапиялық емнің нәтижесінде зейнеткердің жағдайы жақсарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907186-104-zastagy-azei-koronavirustan-ekinsi-ret-zazylyp-syqty/

pixel