Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мамыр айында зейнеткерлерге 40 мың теңге үстемеақы берілетіні рас па

Опубликовано:

Зейнетақы
Көрнекі фото: expansion.mx

Әлеуметтік желілерде мамыр айында зейнеткерлердің 40 мың теңге мөлшерінде үстемеақы алатыны туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz.

Желідегі мәліметке сүйенсек, тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде мамыр айынан бастап зейнетақыға 40 мың теңге мөлшерінде жаңадан үстемеақы төленетіні туралы таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қолданыстағы заңнамада зейнетақыға үстемеақы мен қосымша ақы төлеу қарастырылмаған. Қазіргі кезде зейнетақы үш бөліктен тұрады: базалық, ортақ және жинақтаушы зейнетақы", – деп түсіндірді ведомстводан.

Еңбек министрлігі фейк хабарламаларға назар аудармауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.

Сондай-ақ ведомство жалған ақпарат таратқан адам заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін депутат Александр Милютин еңбек өтіліне сәйкес азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарастыруды ұсынған еді.

Оның сөзінше, заң бойынша бізде тек күш құрылымдары қызметкерлері ғана зейнетке ерте шыға алады. Алайда бұл 60 жасқа дейін кәсіби біліктілігін жоғалтатын кеншілер, металлургтер, өнер адамдары (балериналар) үшін әділетсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907192-elimizde-mamyr-aiynda-zeinetkerlerge-40-myn-tenge-ustemeaqy-beriletini-ras-pa/

pixel