Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі: Біздің өзімізге пара ұсынатындар бар

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Аудандық мәдениет сарайының директоры мен есепшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне пара бермек болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, жемқорлықпен күрес сапындағы мамандарға пара ұсынған мәдениет сарайының басшысы 4,5 млн теңге айыппұл арқалаған.

"Лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне өздерінің жеке мәселелерін шешу үшін пара беруге тырысатын жағдайлар да бар. 4 наурызда Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының директоры Қазығұрт аудандық сотының үкімімен 4,5 млн теңге айыппұл арқалады. Пара ұсынғандардың тағы біреуі - сол ұйымның бас есепшісі. Оған 1,5 млн теңге айыппұл тағайындалды", - дейді ол.

Биғайдаровтың сөзіне қарағанда, Түркістан облысының Сарыағаш аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының қызметкері 2018-2020 жылдарға арналған бюджет қаражатының игерілуін, оның ішінде "Еңбек" аясында бөлінген қаражаттың игерілуін тексерген.

Осы істе құзырлы орган өкілдерінің қамқорлығына ие болу үшін директор мен бас есепші 300 мың теңге көлемінде пара беруге әрекеттенді деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, бүгінгі онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СҚ-Фармацияның" экс-басшысына қатысты тергеуді аяқтағаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907243-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-okili-bizdin-ozimizge-para-usynatyndar-bar/

pixel