Кезекті антирекорд: елімізде бір тәулікте 2734 адам коронавирус жұқтырды
Жарияланған күні:
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті. Оған сәйкес, өткен тәулікте 2734 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың 715-і Алматыдан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 548,
Алматы қаласы - 715,
Шымкент қаласы - 85,
Ақмола облысы - 99,
Ақтөбе облысы - 166,
Алматы облысы - 369,
Атырау облысы - 146,
Шығыс Қазақстан облысы - 59,
Жамбыл облысы - 39,
Батыс Қазақстан облысы - 130,
Қарағанды облысы - 171,
Қостанай облысы - 32,
Қызылорда облысы - 42,
Маңғыстау облысы - 31,
Павлодар облысы - 37,
Солтүстік Қазақстан облысы - 44,
Түркістан облысы - 21.
Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 266 677-ге жетіп отыр.
Еске салсақ, оңтүстік астанада коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуде. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.
"Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Пандемия басталғалы бері мегаполисте коронавирус инфекцияның 39 655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда 1 948,9). Жыл басынан бері 21134 адам індет жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады" , – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирустың үшінші толқыны жалғасуда. Бұл мутацияланған штамдарға байланысты болып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907261-kezeksi-antirekord-tagy-2734-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/