Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтауға қорқамыз": Теміртауда көпқабатты тұрғын үйде егеуқұйрықтар қаптап кеткен (видео)

Опубликовано:

Егеуқұйрық
Видеодан кадр: Instagram/ denski_blog

Теміртауда тұрғындар 8 ықшамауданындағы №133 үйдің подъезінде егеуқұйрық қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті тұрғындар өз сөзіне дәлел ретінде видео түсірген. Кадрлардан 5- 6 егеуқұйрықтың автордың аяғының астына оралып жүргенін байқауға болады.

"Егеуқұйрықтар барлық жерде. Түнде ұйықтауға қорқамыз. Пәтердегі әрбір дыбыс үрей тудырады. Олар подъезде емін-еркін жүреді, балалар жалғыз жүруге қорқады", - дейді үй тұрғыны denski_blog парақшасында.

Бұл жазбаға арыз-шағымдарды қабылдайтын Қарағанды облыстық call-орталық жауап берген.

"Сіздің шағымыңыз тіркелді және тиісті органға берілді", - дейді call-орталық.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтау тұрғындары екі бөлмелі пәтерін тауық қораға айналдырған көршісіне шағымданған еді.

Тұрғындар пәтерінде күркетауық бағып отырған көршісіне көпқабатты тұрғын үйде құс ұстауға болмайтынын айтып бірнеше рет ескерту жасаған. Құзырлы орындарға да шағымданыпты.

Алайда екі бөлмелі пәтерінде құс өсіретін 62 жастағы кейуана көршілерінің сөзіне құлақ аспайтын көрінеді. Жағымсыз иістен бөлек, пәтерлерде тышқан мен тарақан қаптап кеткен. Тұрғындардың пікірінше, зиянкестер тауық қорадан шығып жатыр.

Шыдамы таусылған тұрғындар ақыры полиция шақырған. Бірақ тауық өсіруші тұрғын тәртіп сақшыларына да есік ашпай қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907234-uiyqtauga-qorqamyz-temirtauda-kopqabatty-turgyn-uid-egeuquiryqtar-qaptap-ketken-video/

pixel