Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 2290 адамнан коронавирус індеті анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 398

Алматы қаласы - 610

Шымкент қаласы - 53

Ақмола облысы - 108

Ақтөбе облысы - 105

Алматы облысы - 283

Атырау облысы - 110

Шығыс Қазақстан облысы - 33

Жамбыл облысы - 53

Батыс Қазақстан облысы - 118

Қарағанды облысы - 205

Қостанай облысы - 31

Қызылорда облысы - 35

Маңғыстау облысы - 37

Павлодар облысы - 48

Солтүстік Қазақстан облысы - 36

Түркістан облысы - 27.

Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 271 809-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 608 адам індеттен жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық инфекциядан сақтанудан шаршағанын, алайда бұрынғы қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы– бұл вакцинация арқылы иммунитет қалыптастыру екенін бас айтқан еді.

"Тек вакцина ғана бізге қозғалыс еркіндігін қалпына келтіруге және кең тыныстауға мүмкіндік береді", – дейді министр.

Айта кетейік, сәуір айының соңында коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның 50 мың дозасы айналымға шығады деп күтілеуде. QazCovid-in вакцинасын әзірлеушілердің бірі, ғалым Леспек Кұттымбетов препараттың зиянсыз екеніне кепілдік бере алатындарын айтады.

Қазір COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцина сынағының ІІІ кезеңі өтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907390-elimizde-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/

pixel