Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баянауыл жастары ауыл молдасымен бірге құны 715 мың теңге болатын ішімдіктің көзін жойды (видео)

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: Pixabay.com

Әлеуметтік желіде Баянауыл жастарының Рамазан айы қарсаңында ауылдағы алкогольді ішімдіктің көзін жою мақсатында аузы ашылмаған шөлмектерді жерге ұрып сындырып жатқан видеосы тарады. Белгілі болғандай, елдімекеннен жиналған арақ-шараптың жалпы құны 715 мың теңгені құраған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Facebook-те жарияланған видеода Павлодар облысы Жаңатілек ауылының жастары мешіт имамымен бірге ауылдағы бар арақ-шарапты сатып алып, алдын ала қазылған орға сындырып тастайды.

"Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында қасиетті Шағбан айының соңғы күні, Алла жазса ертең Рамазан айы басталады. Алғашқы тарауық намазы оқылады. Міне соған байланысты ауыл жастары ауыл дүкендерін аралап шықты. Сертификаты бары, сертификаты жоғын. Харам арақтың құны 715 мың теңге болып шықты. Міне соларды ауыл жастары өз қолымен қиратқалы отыр. Алдында Семей жақта осындай игі іс істелгенін естігенбіз. Қазақ елі, мұсылман қауымы сіздерден де осы ізгі іске ат салысуды сұраймын. Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын. Елімізде арақ-шарап сатылмасын", - дейді видеода сөйлеген ауыл молдасы.

Бейнежазбаны түсіріп тұрған ауыл тұрғыны әлі үш автокөлікте жәшік-жәшік ішімдік тұрғанын айтады.

Желі қолданушыларының арасында ауыл тұрғындарының әрекетін сынағандар да табылды.

"Арақты сатып алып сындырғаннан гөрі, сатып алмай қойған дұрыс-ау. Сіз сатып алған арақ сынса, саудагерге пайда әкеліп жатыр емес пе? Сондықтан сатып алмау керек, ішпеу керек", "Одан да бұл ақшаны жетім-жесірге берсе дұрыс еді", Қанша дүкеннің саудасын жүргізіп, арақ саудасын дамытып, үлес қосып қайттыңдар екен" - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907520-bayanauyl-zastary-auyl-moldasymen-birge-quny-715-myn-tenge-bolatyn-isimdiktin-kozin-zoidy-video/

pixel