Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұйық май неге қымбаттап жатыр": Елорда әкімдігі жауап берді

Опубликовано:

Сұйық май
Көрнекі фото: РИА Новости

Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина күнбағыс майы бағасының неге шарықтап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, сұйық майға қатысты жағдай бүкіл республика бойынша қадағаланып отыр.

"Шикізаттың тапшылығына байланысты сұйық майдың қымбаттауы көрші мемлекеттерде де байқалады. Бірақ біз былтырдан бері фьючерстік келісімшарттар бекіттік, соның ішінде сұйық май бойынша да. Жеткізушілердің біреуі дәл осы бағытта жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол сұйық майдың бір литрін 460 теңгеден сатып жатыр", – деді Ермолдина брифингте.

Сондай-ақ, ол барлық жерде сұйық май қымбаттағанын ескере келе, бұл өте жақсы баға екенін атап өтті.

"Бізде бағаларды бақылайтын статистика органы бар. Аталған жеткізуші тауарды, тек белгілі бір сауда орындарына ғана жеткізетіндіктен, басқа сауда орталықтарында нарықтық себептерге байланысты баға өсіп жатыр. Сол себепті статистика органдары орташа бағаны тіркейді", – деп түсіндірді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар күнбағыс майының бір литрі 650-700 теңгеге дейін қымбаттап кеткеніне шағымданған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда картоп бағасы күрт қымбаттағаны туралы жазған едік. Өңірде көкөністің келісі 250 теңгеге жеткен. Аймақта бұдан өзге қызылша, сәбіздің де бағасы күрт өскен. Мәселен қызылшаның бір келісі 250 теңге болса, сәбіз 200 теңгеден сатылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907692-suiyq-mai-nege-qymbattap-zatyr-elorda-akimdigi-zauap-berdi/

pixel