Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз ісінің маманы": Таймерденов карантин талабын бұзып, қайта басшы болған қызметкері жайлы айтты

Опубликовано:

Қанат Таймерденов
Фото: "Алматы" телеарнасы

Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов 2020 жылы басы дауға қалып қызметінен босатылған, ал биыл қайта басшылық қызметке тағайындалған Жанболат Зиадинға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жанболат Зиадин Алматы криминалдық полиция басқармасының басшысы болды. Мен полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болғанда ол менің қарамағымда қызмет етті.

Бұл қызметкер - өз ісінің маманы, нағыз із кесуші, әртүрлі лауазымдарда қызмет етті, үлкен жұмыс өтілі бар. Мен оны тек жақсы жағынан сипаттай аламын. Бірақ жағдайларға байланысты атқарып отырған қызметінен босатылды. Жаңа тағайындауға дейін Зиадин резервте тұрған еді", - дейді ҚанатТаймерденов.

Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік желілерде Алматыда жол ережелері мен төтенше жағдайды елемей, блок-бекеттен өтіп бара жатқан бірнеше элиталық көліктердің видеосы тараған еді.

Сонымен қатар видеоның соңында бір топ адамның қандай да бір мерекені атап өтіп, дастархан басында отырғаны да байқалған болатын. Сол кезде олардың арасында Алматы криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадинның да болғаны анықталған еді.

Бұл жайттан кейін карантиндік режимді бұзғаны үшін Жанболат Зиадин тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылды.

Ал таяуда оның Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы қызметіне тағайындалғаны белгілі болды. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қызметке Жанболат Зиадин 2021 жылдың 5 ақпанында тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907905-oz-isinin-mamany-taimerdenov-karantin-talabyn-buzyp-qaita-bassy-bolgan-qyzmetkeri-zaily-aitty/

pixel