Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дау тудырған видеодан кейін қызметінен кеткен экс-полицей басшы болып қайта тағайындалған

Опубликовано:

Жанболат Зиадин
Жанболат Зиадин. Видеодағы кадр: КТК арнасы

Алматы криминалдық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының басшысы болып тағайындалған. Бұл ақпаратты Алматы облыстық полиция департаменті растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство Жанболат Зиадиннің Талғар аудандық полиция басқармасы басшысы лауазымына 2021 жылғы 5 ақпанда тағайындалғанын атап өтті. Алайда, бұл ақпарат енді ғана белгілі болып отыр.

"Ішкі істер министрлігінің штаттық лауазымдарына сәйкес, бұл лауазым бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен", – дейді Алматы облысының полиция департаментінен.

Сондай-ақ ведомство блок-бекеттен өткен кортежге қатысты дау былтыр болғанын еске салды.

Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік желілерде Алматыда жол ережелері мен төтенше жағдайды елемей, блок-бекеттен өтіп бара жатқан бірнеше элиталық көліктердің видеосы тараған еді.

Сонымен қатар видеоның соңында бір топ адамның қандай да бір мерекені атап өтіп, дастархан басында отырғаны да байқалған болатын. Сол кезде олардың арасында Алматы криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадинның да болғаны анықталған еді.

Бұл жайттан кейін карантиндік режимді бұзғаны үшін Жанболат Зиадин тәртіптік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылған еді.

"Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес, әрбір тәртіптік бұзушылық үшін қызметкерге бір ғана тәртіптік жаза қолданылады. Полиция полковнигі Зиадин әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған және ішкі істер органдарында үлкен тәжірибесі бар (20 жылдан астам)", – деп атап өтті Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907433-qyzmetinen-ketken-almatylyq-eks-policei-qaita-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel