Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл не цирк?": Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан ару қазақстандықтардың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Қайыңдыда матраспен жүзген қыз
Видеодағы кадр: facebook.com/dildakhmet

Қазақстандықтар Алматы облысындағы Қайыңды көлінде түсірілген видеоны талқылап жатыр. Кадрдан су бетінде үрлемелі матраста жатқан аруды байқауға болады. Дегенмен бойжеткеннің әрекетін бәрі бірдей құптамады, көбі наразылығын білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайыңды көлінде түсірілген видеоны белгілі қазақстандық натуралист Сәкен Ділдахмет те өзінің Facebook парақшасында жариялап, ұлттық саябақтардағы бұқаралық туризм неге әкелетіні туралы ой толғаған.

"Егер ол суға батып кетсе, не болар еді? Онда оны ешкім құтқара алмас еді. Ал су тым салқын.

Өкінішке орай, біздің отандастарымыз фото мен видеоға түсу үшін осындай амалдарға барады. Видеоның авторы мұны туризмді дамыту үшін түсіргенін жазған. Сіз мұндай қадамға барғанда не ойладыңыз?

Бүгін матрас, ал ертең қайық және тағы басқасын әкеледі. Осылайша біз, көлдің басты ерекшелігі – суға батқан орманнан айырылып қалуымыз мүмкін. Қайыңдыдағы бұл не цирк?", – деп ашуланды Сәкен Ділдахмет.

Желі қолданушылар оны қолдап, қыздың бұл қылығына наразылығын білдірді.

"Егер көлге кез келген адам түсе берсе, азаматтарымыз бәрін жояды. Басқа жерлерде осындай жағдайлар болған. Біріншіден, ірі айыппұлдар мен қатаң жазалар арқылы экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеу керек, содан кейін осындай жерлерді жарнамалаған жөн",

"Қайыңдыға мұндай жарнама қажеті жоғы нақты. Олар өз жазбаларын барлық жерде өшіріп тастады, бірақ ұлттық саябақтың басшылығы шара қолданады. Табиғатқа бұлай қарауға болмайды", – деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1907956-bul-ne-cirk-qaiyndy-kolinin-ortasynda-matrasta-zatqan-aru-qazaqstandyqtardyn-asuyna-tidi-video/

pixel