Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей маңында құбырдан аққан қан тұрғындарды алаңдатты (фото)

Опубликовано:

Информбюро
Видеодан кадр: 31 арна

Семейдің жанындағы Березовский ауылында құбырдан қан аққан. Бұны байқаған ауыл тұрғыны бірден видеоға түсіріп әлеуметтік желіде жариялапты. "Қанды көл" деп тараған роликке тек семейліктер ғана емес, Шығыс Қазақстан облысы экология депатаменті, табиғатты қорғау саласының мамандары да бірден назар аударған деп хабарлайды 31 арна.

Телеарнаның мәліметінше, видеоны әлеуметтік желіде жариялаған жергілікті тұрғын ауыл жанындағы үлкен құс фабрикасында сойылған құстардың қаны құбырдан далаға ағып жатқанын көрген.

Көпшіліктің талқысына түскен видеоға құс фабрикасының бас инженері пікір білдірді.

"Құс сою цехында "оборудование транспортировки боенских отходов" деген құбыр істен шықты. Оған екі сағаттың ішінде жөндеу жұмыстарын жасадық. Бірақ сол уақытта кішігірім қан канализация арқылы ақты", - дейді "Шығыс бройлер" ЖШС бас инженері Мақсат Әшкенов.

Фото
Видеодан кадр: 31 арна

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Өзбекстанда да болған еді.

Ол кезде Кибрай ауданы мен Ташкент тұрғындары қан түстес канал суына шағымданған болатын. Кейін анықталғандай каналға тасталған малдың қалдықтарынан кейін су осындай түске боялаған.

Мал сою пунктіне мемлекеттік ветеринария және мал шаруашылығы комитеті тексеріс жүргізген.

Тексеріс нәтижесінде мал сою алаңында ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны, яғни малдың қалдықтары іс жүзінде каналға тасталғаны белгілі болған.

Мамандар қажетті нұсқаулар беріп, қасапханаға кемшіліктерді жою бойынша шұғыл тапсырма берген.

Қасапхана қалдықтарды төккен канал Ташкенттен екі шақырым жерде орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908014-semei-manynda-qubyrdan-aqqan-qan-turgyndardy-alandatty-foto/

pixel