Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қан аралас аққан су өзбекстандықтарлы шошытты (видео)

Опубликовано:

Су арнасы
Видеодан кадр: centralasia.media

Өзбекстанда Кибрай ауданы мен Ташкент тұрғындары қан түстес канал суына шағымданды. Әлеуметтік желіде қан араласқан судың видеосы да тарады деп хабарлайды centralasia.media.

Белгілі болғандай каналға тасталған малдың қалдықтарынан кейін су осындай түске боялаған.

Басылымның жазуынша, бұған дейін желіде Ташкент облысы Кибрай ауданындағы мамандандырылған қасапхана қалдықтарды кәзір құдығына тастағаны жайлы ақпарат тараған.

Осыдан кейін мал сою пунктіне мемлекеттік ветеринария және мал шаруашылығы комитеті тексеріс жүргізген.

Тексеріс нәтижесінде мал сою алаңында ветеринариялық-санитариялық ережелер мен нормалардың бұзылғаны, яғни малдың қалдықтары іс жүзінде каналға тасталғаны анықталған.

Мамандар қажетті нұсқаулар беріп, қасапханаға 5 күн ішінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл тапсырма берген.

Айта кетейік, қасапхана қалдықтарды төккен канал Ташкенттен екі шақырым жерде орналасқан. Ол астаналық аудандар арқылы өтетін Қарақамыш атты ірі каналға құяды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысындағы Үсек өзенін ақ көбік басқанын хабарлаған едік.

Осыдан кейін Алматы облысы бойынша экология департаментінің мамандары әкімдік және экологиялық полиция қызметінің өкілдерімен бірге Жаркент қаласына барған еді.

Экология министрлігінің хабарлауынша, алдын-ала мәліметтер бойынша өзенге түскен лас сұйықтықтан көпіршік пайда болған. Ал өзенге сұйықтық "Жаркент крахмал зауыты" ЖШС-нан тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1902507-qan-aralas-aqqan-su-ozbekstandyqtarly-sosytty-video/

pixel