Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы аптада Алматыда қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда бірнеше күн қатарынан күн райы жылы болды. Дегенмен келесі аптаның ортасында мегаполисте қар жауып, ауа температурасы төмендеуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Gismeteo порталына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Алматыда сейсенбі, 20 сәуірге дейін күн жылы болады. Осы уақыт аралығында сынап бағанасы 18-ден 20 градусқа дейін жылылықты көрсетеді. Десе де жұма мен дүйсенбі аралығында жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

Сәрсенбі, 21 сәуірден бастап қалада күн суыта бастайды. Ауа температурасы 8 градустан -3 градусқа дейін түседі.

Алдағы аптада сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері оңтүстік астанада қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы -3 градусты көрсетеді.

Бейсенбі, 22 сәуір күні 6 градусқа дейін күн жылынғанымен, бұлтты әрі жаңбырлы ауа райы сақталады. Содан кейін 25 және 26 сәуір күндері жабысқақ қар жауады деп болжануда.

Ал 27 сәуірден бастап Алматыда күн қайтадан жылына бастайды. Яғни, ауа температурасы 21-22 градус жылылықты көрсетеді.

Ауа райы
Скриншот: gismeteo.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамын жасаған еді.

Сонымен бірге, синоптиктер көктемнің екінші айы негізінен суық болатынын, күннің жылынуы тек сәуірдің 20-нан кейін ғана күтілетінін айтқан болатын.

Мамандардың сөзінше, сәуір айында жауын-шашын көп (негізінен жаңбырлы) болмақ .

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908075-aldagy-aptada-almatyda-qar-aralas-zanbyr-zauyp-kun-suytady/

pixel