Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаудағы Rixos қонақүйі танымал топтың концертінен кейін миллиондаған айыппұл арқалады

Опубликовано:

Rixos Water World Aktau
Фото: rixos.com

Rixos Water World Aktau қонақүй кешенінің иесіне қазақстандық топтың концертінен кейін 2 миллион 333 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды Lada.kz.

10 сәуірде Ақтаудағы Rixos Water World қонақүйінде танымал "Ирина Кайратовнаның" концерті өтті.

Бұл көптеген қолданушының наразылығын тудырды, өйткені елде карантиндік шектеулер әлі де күшінде.

Қазіргі уақытта іс-шараны өткізгені үшін нысан иесіне ірі көлемде айыппұл салынғаны белгілі болды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер карантиндік талаптарды бұзғаны үшін 800 АЕК (2 миллион 333 мың теңге) төлеуі керек.

"Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құрылған мобильді топ, кешен иесіне карантиндік талаптарды бұзғаны үшін хаттама жасап, түсіндірме мәлімдеме алды, өйткені қаладан 20 шақырым жерде орналасқан теңіз жағасындағы демалыс орнында көп адам жиналған концерт ұйымдастырылды", – деп түсіндірді Ақтау әкімдігінде.

Еске салсақ, отандық танымал әнші Марат Омаров Шымкентте қызының ұзату тойын өткіземін деп басы дауға қалды. Желіде думанды шараның видеолары бірден тарап кеткен. Қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тойда түсірілген бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді.

Кейін танымал әнші әрі композитор әлеуметтік желіде тарап кеткен қызының ұзатуындағы видеожазбаларға қатысты жауап берді. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнер иесінің тойды ұйымдастырғанын мәлімдесе де, ол тойға бірер минутқа ғана кіріп шыққанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908097-aqtaudagy-rixos-qonaquii-tanymal-toptyn-koncertinen-keiin-milliondagan-aiyppul-arqalady/

pixel