Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавируспен ауырғандардың статистикасы қолдан жасала ма: ДСМ пікір білдірді

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханалары бос, ал коронавируспен ауырғандардың статистикасы қолдан жасалады деген пікір білдіріп жатыр. Осы ретте stopfake.kz бұл мәліметті жоққа шығарды.

Facebook қолданушысының айтуынша, еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұр, оның танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмеген екен. Бұл мәлімдеме еліміздегі қазіргі нақты жағдайға қайшы.

"Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдер бос тұрған жоқ", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460.

Олардан кейін науқастар саны бойынша Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.

Жалпы, еліміздің барлық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі кезде 12 482 төсек-орын қолданылуда.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның денсаулық министрі AstraZeneca вакцинасына тапсырыс бергені туралы ақпарат тарап кеткен еді. Ғаламторда есіп жүрген деректерге сәйкес, еліміз аталмыш екпенің 3,2 млн дозасын сатып алмақ.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл жаңалыққа қатысты бірден пікір білдіріп, мәліметті теріске шығарды.

Одан бөлек, ел азаматтары бір-біріне жерлеу рәсімі көрсетілген видеоны таратқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908121-koronaviruspen-auyrgandardyn-statistikasy-qoldan-zasala-ma-dsm-pikir-bildirdi/

pixel