Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға вакцинациядан соң демалыс беріле ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған қазақстандықтар өзін нашар сезінген жағдайда демалыс қарастырылған ба деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өзін нашар сезіну жайлы айтсақ. Меніңше, мұндай адамдар көп емес, әр ағза өздігінше дербес. Қандай да бір жағымсыз әрекеттер пайда болған жағдайға арнайы уақыт бар. Мәселен, вакцинациядан кейінгі 30 минутта адам толығымен бақылауда болады. Егер адам өзін нашар сзінше, бірден дәрігерге сол уақытта қаралуы керек.

Егер ақ халаттыға жүгінсе, әрине арухана қағазын әзірлеуге болады. Мұның барлығы жеке қарастырылады. Бірақ бәріне бірдей демалыс күнін қарастыру мәселесі тиімсіз деп ойлаймын",- деді вице-министр Ержан Біржанов.

Айта кетейік, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде жұқпалы аурулар ауруханалары бос, ал коронавируспен ауырғандардың статистикасы қолдан жасалады деген пікір білдіріп жатыр.

Facebook қолданушысының айтуынша, еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұр, оның танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмеген екен. Бұл мәлімдеме еліміздегі қазіргі нақты жағдайға қайшы.

"Бұл – шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдер бос тұрған жоқ", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен.

Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460. Олардан кейін науқастар саны бойынша Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908137-qazaqstandyqtarga-vakcinaciyadan-son-demalys-berile-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel