Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда прокуратура қоқысқа тасталған елтаңбаға қатысты видеоны тексеріп жатыр

Опубликовано:

Елтаңба
Видеодан кадр: Instagram/ vse_obovsem_pvl

Павлодар облысының прокуратурасы қоқыс полигонына лақтырылған мемлекеттік рәмізге қатысты оқиға бойынша түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Облыс прокуратурасы бейнероликте түсірілген оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді жүргізуде. Сондай-ақ ақпаратты есепке алу кітабының материалы аясында полиция тексеру шараларын бастады. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратурасында.

Ғаламторда Қазақстанның ескі үлгідегі елтаңбасы мен Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокуратурасы кіреберісінің тақтайшасы қоқыс полигонында жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл – Ақтоғай ауылының облыс орталығынан екі шақырым қашықта орналасқан полигон.

"Мемлекеттік рәміз ол жерге қалай тап болған? Бұл қадағалаушы органның өздері жасады ма, соны полиция анықтауы керек", - деп жазды бейнероликті түсірген автор.

Әлеуметтік желіге таралған видеода Ақтоғай ауданының прокуратурасына кіреберісіндегі тақтайша және құрылыс қоқыстарының арасында жатқан екі елтаңба түсірілген.

"Аталған факті тіркелді. Тексеру шаралары жүргізілуде", - деп атап өтті Павлодар облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, 31 наурыз күні Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908180-pavlodarda-prokuratura-qoqysqa-tastalgan-eltanbaga-qatysty-videony-tekserip-zatyr/

pixel