Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда иесі итін таяқпен өлімші етіп сабап тастады (видео 18+)

Опубликовано:

Ит
Видеодан кадр: Instagram/ inucobo_kz

Зооқорғаушылар Алматыда иесі итін таяқпен өлімші етіп сабағанын хабарлады. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үй жануарына қатігездік танытқан тұрғын жайлы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі inucobo_kz парақшасында пайда болды. Жазба авторының сөзіне сүйенсек, иесі итті таяқпен ұрып-соққан, артынша оны үй қақпасынан шығарып тастаған. Жағдай көршілердің көз алдында өрбіген.

Алматы полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді. Құқыққорғаушылар бұл оқиғаға қатысты арызды көршісі тастағанын айтты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 316- бабы бойынша тіркелген.

"Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Тиісті процессуалдық әрекеттер жүргізілді. Өндіріс барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, шаралар қолданылады",- деді полиция департаментінде.

Еске салайық, осыған дейін Солтүстік Қазақстан облысында ер адам ауылдасының байлаулы итін ұрлап әкетіп, сойып жегенін жазған едік. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне "Ұрлық" бабы бойынша енгізілген болатын.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол аталған елді мекеннің бұрын сотталған 2001 жылғы тұрғыны болып шықты.

Одан бөлек, әлеуметтік желіде көзі жарақаттанған иттің видеосы тарады. Кадрлар Шымкентте түсірілген болып шықты.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында былтыр қыркүйекте хайуанаттарды уақытша ұстайтын изоляторда төрт иттің жыныстық сипаттағы азап көргені анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908208-almatyda-iesi-itin-tayaqpen-olimsi-etip-sabap-tastady-video-18/

pixel