Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жираф атып, зебраны көлікке тиеген: Африкада аң аулаған "қазақтардың" видеосы желіні шулатты

Опубликовано:

Коллаж
Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қазнетте Африкада аң аулап жүрген азаматтардың видеосы кеңінен таралуда. Кадрларда олардың қазақ тілінде еркін сөйлеп жүргенін байқауға болады. Жануарларды аяусыздықпен атып алып жүрген ер адамдардың қатыгездігін көрсеткен видео желі қолданушыларының ашуына тиді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған видео YouTube желісіндегі Silk Road Youtube арнасында пайда болды. Онда олардың сафариде аң аулап жүргені байқалады.

Қолында мылтығы бар азаматтар, алдымен жирафты атып, кейін зебраны көлікке салып жатады. Ол аздай видео соңында олар жабайы буйволды жергілікті халыққа сойғызғанын көруге болады.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді.

"Біздің отандастырымыз экзотикалық жануарларды аулап жүрген видеоны көргеннен кейін, шыны керек, көңіліп құлазып, жаман әсерде қалдым. Білуімше, видео Африкада түсірілген. Мен мұны адамдар мәдениетінің ең төмен көрсеткіші деп білемін. Өкініштісі, жануарларды өлтіру еріккен адамдардың ермегіне айналған сияқты. Біле білсеңіздер, ешкімге мұндай құқық берілмеген! Мұндай оғаш әрекет адам ретінде қатты көңілімді қалдырды , себебі мен жануарлар әлеміне бей-жай қарай алмаймын. Тіпті экзотикалық елдің өзінде адам болып қалуымыз керек. Ешқашан мұндай әрекетті құптамаймын. Ал аңдарға шынымен обал. Егер адамдар аңдарға осылай қараса, онда мұндай азаматтар өз еліндегі жануарларға дәл осындай қатыгездік жасайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908249-afrikada-an-aulauga-syqty-zirafty-atyp-zebrany-kolikke-tiegen-azamattardyn-videosy-zelini-sulatty-video/

pixel