Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігерлер сірке суын ішіп қойған бүлдіршінді аман алып қалды

Опубликовано:

бөбек
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттік дәрігерлер сірке суына уланған баланы аман алып қалды. Анасының айтуынша, бүлдіршін ойнап жүріп қауіпті сұйықтықты абайсызда ішіп қойған деп жазады Otyrar.kz.

Басылымның жазуынша, бала ауыр халде Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жедел жәрдеммен жеткізілген.

Мамандар сәбидің ішкі органдарының зақымданғанын анықтаған.

Бүлдіршіннің ауыз қуысын және өңешін химиялық күйік шалған.

Қазір балақайдың жағдайы жақсы. Анасымен бірге токсикология бөлімінде ем қабылдауда.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда алты айлық сәби жылу батареясына қарай домалап кетіп, салдарынан жамбасы мен бел жағы қатты күйіп қалғанын хабарлаған едік.

Балалар ауруханасындағы күйік бөлімінің меңгерушісі Руслан Жанбекеевтің сөзінше, алты айлық қыз бала екінші дәрежелі "В" күйігін алған.

Нәрестеге пластикалық ота жасалған. Бала бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ол үйіне шығуға дайындалып жатыр.

Одан бөлек, Маңғыстау облысында дәрігерлер үш айлық сәбидің жұтқыншағынан динозавр пішінді әшекейді алып тастаған болатын.

Дәлірек айтсақ, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Қазбек Шүкіров нәрестенің жұтқыншағынан әшекейді баланы ұйықтату арқылы эндоскопиялық әдіспен алған.

Ата-анасының айтуынша, сәбидің аузына әшекей бұйымды екі жас үлкен бауыры салған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896357-symkenttik-drigerler-sirke-suyn-isip-kojgan-bldirsindi-aman-alyp-kaldy/

pixel