Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 17 сәуірден бастап кинотеатрлар жаңа ереже бойынша жұмыс істей бастайды

Опубликовано:

кинотт
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматының коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұрғанына қарамастан, 17 сәуірден бастап қалада кинотеатрлардың жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Бірақ оған тек Ashyq қосымшасының көмегімен кіруге болады. Бұл туралы Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оның сөзінше, келушілер QR-кодты билет кассаларына дейін, кіреберісте сканерлеу қажет.

"Егер "қызыл" немесе "сары" белгі көрсетсе, онда алдын ала сатып алынған билет кері қайтарылады", - дейді Байғабылов.

Ал 5 жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады. Яғни, оларға есік ашық.

"Балалар арасында COVID-19 жұқтырғандарды ескере отырып, алдағы уақытта жас мәселесін қайта қарастырамыз", - дейді СЭБД басшысының орынбасары.

Сондай-ақ Сәдуақас Байғабылов 9 сәуір мен 15 сәуір аралығында коронавирус жұқтырған немесе байланыста болған 235 алматылықтың Ashyq қосымшасынан жалтаруға тырысқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 14 сәуірде еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланған еді.

Құжатта "Ashyq" пилоттық жобасын қолдану арқылы кинотеатрлар, театрлар мен караокелердің, банкет және концерт залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын.

Мамандардың мәліметінше, 26 сәуірден бастап кәсіпкерлік нысандарда "Ashyq" пилоттық жобасын іске асыру аяқталады және жоба еліміздің барлық өңірлеріне жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ, "Ashyq" пилоттық жобасын йога орталықтарында, фитнес-клубтарда, спа-орталықтарда, сауналар мен бассейндерде, PlayStation клубтарында, компьютерлік клубтарда (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда) және боулинг клубтарда іске асыру жалғаспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908324-almatyda-17-sauirden-bastap-kinoteatrlar-zana-ereze-boiynsa-zumys-istei-bastaidy/

pixel