Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз дәрігерлері коронавирусты екі-үш күнде емдеудің әдісін тапты

Опубликовано:

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Қырғызстанда дәрігерлер коронавирустан екі-үш күнде айықтырып жіберудің жолын тапты. Бұл туралы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев хабарлады деп жазады 24.kg.

Қырғызстанның бас дәрігерінің сөзінше, ақ халаттылар пациенттерді Ыстықкөлдің тамырымен емдейді.

"Ерітіндіні мен өзім дайындаймын. Денсаулыққа зияны жоқ. Ыстықтай ішу керек, екі-үш күнде ПТР тесттің нәтижесі өзгеріп, адамның жағдайы бірден жақсара түседі. Бұл қақырық түсіретін дәрі, оған қосымша қант та түседі. Науқас үшін жауапты әрбір дәрігер пациентті бақылап, ерітіндіні ыстықтай ішкенше жанында отырады. Мен өзімде ішемін. Егер журналистер келсе, ешқандай зияны жоқ екенін ішіп көрсете аламын", - дейді ол.

Алымкадыр Бейшеналиев бүгінде елде коронавируспен ауырғандар санының артқанын да атап өтті.

"Үшінші толқын басталуда, сайлаудан кейін өте көп адам ауырып жатыр. Олардан айырылып қалмас үшін біз осы қадамға барып отырмыз. Екінші толқын кезінде де біз Ыстықкөл тамырымен емдегенбіз, бірақ бұл туралы айтпадық", - дейді Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі.

Оның сөзінше, тамырдың пайдасы дәлелденген.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар WhatsApp-та бір-біріне COVID-19-дан қорғану үшін бір ай бойы сарымсақ суын ішуді ұсынған болатын. Айтуынша, бұл вирусқа қарсы табиғи иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді.

Алайда бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908347-qyrgyz-darigerleri-koronavirusty-eki-us-kunde-emdeudin-adisin-tapty/

pixel