"Енемнің ессіздігінен шаршадым": Күйеуі мен енесі қорлаған әйел бар мұңын шақты
Жарияланған күні:
Алматыдағы "Жан Сая" дағдарыс орталығын паналайтын жандар саны күн сайын артып келеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары көп жағдайда күйеуінен және енесінен зәбір көргендер. Осы орайда, орталықты паналаған Кәусар (кейіпкердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында есімі өзгертілді – ред.) есімді келіншектің хикаясы көпшілікті елең еткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Кәусар болашақ жарымен сүйіп қосылған. Ол екеуінің арасындағы махаббат пен сүйіспеншілік ұзаққа созыларына жүз пайыз сенген болатын. Алайда, кейін бұл ойының қате екенін көзі жетті. Үйлену тойы өткен соң Кәусар күйеуімен бірге ата-енесінің қолында тұрады. Енесі сынықтан сылтау тауып, келінін аяқтан шалуға дайын еді. Ол үнемі Кәусарды кемсітіп, жоқ жерден кінә тағып, ұлын айдап салуды шығарды.
Отбасын сақтап қалу үшін келіншек бәріне шыдап бағады. Бірақ енесі үйде шу көтерген сайын күйеуінен таяқ жейтін ол бір күні бәріне қолын сілтей салды.
"Шыдамның да шегі бар. Енемнің айқайынан соң күйеуім мені жағадан алатын. Түн ортасында ұйқымнан оятып алып, ұрған кездері болды. Одан қалса, енеме жақпағаным үшін мені жаздың ыстығында күн астында тапжылмай тұрғызып қоятын. Сәл қимылдасам, жұдырықтай жөнелетін. Осыдан соң төзе алмайтыныма көзім жетті", - дейді Кәусар.
Алты жыл бойы енесі мен күйеуінің қорлығына шыдаған Кәусар үйінен қашып шығып, дағдарыс орталығын паналауда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908468-enemnin-essizdiginen-sarsadym-kuieui-men-enesi-qorlagan-aiel-bar-munyn-saqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.