Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің медициналық мекемелеріне 1 млн еуроның құрал-жабдықтары тарту етілді

Опубликовано:

ЛУКОЙЛ
Фото: ЛУКОЙЛ

Бүгінде коронавирус пандемиясының әсерін сезінбеген жан кемде-кем. Коронавируспен күреске түрлі жолмен өз үлесін қосуға тырысып жатқандардың да қарасы көп. Мәселен, ірі компаниялар ауруханаларды құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен, дәрігерлерді ЖҚҚ және маскалармен қамтамасыз етіп, қарапайым азаматтарға гуманитарлық қолдау көрсету үшін көмекке қомақты қаражат бөлуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Коронавирустан емделіп жатқан науқастар үшін ерекше қажет жабдықтардың өзі кейде жеткіліксіз болып жататын инфекциялық стационарларға көмек көрсету маңызды әрі қажетті шара екендігі сөзсіз.

Бюджет қаражаты жабдық сатып алуға жеткіліксіз болуы мүмкін, сол себепті мұнда бизнестің көмегі үлкен маңызға ие.

Мәселен, "ЛУКОЙЛ" компаниясы Алматы және Қызылорда облыстарындағы медициналық мекемелерді жабдықтармен - рентген аппараттары, УДЗ диагностика жүйелері, оттегі станциялары, коронавирустық пневмониямен ауыратын науқастарға арналған экстракорпоральды оксигенация аппараттарымен қамтамасыз етті .

Медициналық мекемелерді жабдықтармен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың жалпы көлемі миллион еуродан асады (600 миллион теңгеден астам). Бұрын-соңды еліміздегі ауруханаларға мұндай сомада гуманитарлық көмек көрсетіліп көрмеген болатын.

Компания президентінің Қазақстан Республикасындағы, Әзірбайжан Республикасындағы, Өзбекстан Республикасындағы және Түркіменстандағы өкілі Степан Гуржийдің айтуынша, ЛУКОЙЛ тек Ресейге ғана емес, сонымен бірге өз қызметі таралған өзге елдерге де көмек көрсетеді.

ЛУКОЙЛ
Фото: ЛУКОЙЛ
"2020 жылы компания Ресейдің 24 аймағына және 14 шет елге жалпы сомасы 11 миллион еуроға жуық көмек көрсетті», - деді Степан Гуржий.

Пандемиямен күресте басқа компаниялар да айтарлықтай үлес қосты. Мәселен, Hyundai Auto Kazakhstan компаниясы Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығы үшін multiFiltrate жедел диализ жүйесін сатып алуға 51 миллион теңге бөлді.

Сбербанк COVID-19 диагнозымен түскен науқастарды емдейтін Алматы ауруханаларына өкпені жасанды желдету аппараттарын, сондай-ақ 100 пульсоксиметр сатып алуға 50 миллион теңге бөлді.

"AITAS KZ" АҚ коронавируспен күресте көмек ретінде медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға 200 миллион теңге бөлді, ал "ЭксонМобил Казахстан Инк." компаниясы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына өкпені жасанды желдету аппаратын тарту етті. Сонымен қатар, медициналық қызметкерлер үшін ЖҚҚ-ға 75 мың доллар жұмсалды.

Бүгінгі жағдайға бей-жай қарамайтын кәсіпкерлік субъектілерін ұзақ тізбектей беруге болады. Өзге компаниялардан үлгі алған көптеген ұйымдар бірлесе отырып, әлемді осы ауыр кеселден арылту үшін жан-жақты көмек көрсетуге тырысуда.

Сол арада, Қазақстандағы ЛУКОЙЛ медициналық ұйымдарға көмектесумен шектелмей, өмірдің өзге де маңызды аспектілеріне назар аударуда. Компания экологиялық акциялар өткізіп, қоршаған ортаны қорғауға қаражат құюда, сонымен қатар кәсіпорындардың бос өндірістік аймақтарында күн электр станцияларын салуда.

Одан бөлек, әлеуметтік өмірге - балабақшаларды, тұрғын үйлерді, мәдени және спорттық нысандарды, денсаулық сақтау мекемелерін жөндеуге көп көңіл бөлінуде. Мәселен, небәрі бес жылдың ішінде - 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта ЛУКОЙЛ әлеуметтік маңызы бар нысандарға 55 миллион еуро бөлді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1908489-elimizdin-medicinalyq-mekemelerine-1-mln-euronyn-qural-zabdyqtary-tartu-etildi/

pixel